Аккредитация мәліметі

Шымкент қаласы  білім басқармасы  «Энергетика және байланыс  колледжі» МКҚК  және «ARQA» Білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі институционалды аккредиттеуді өткізу үшін 2019 ж. 15 қаңтар  №1 екі жақты шарт жасасты. «Энергетика және байланыс  колледжі» МКҚК  директоры Асылбекова Л.А.  2019 жылдың 21 қаңтар №14 бұйрығымен шарт негізінде өзін-өзі бағалау рәсімін жүргізу және институционалды аккредиттеу аясында есеп беруді дайындау бойынша жұмыс тобы құрылды.

2019 жылдың 13-14 мамыр аралығында институционалды аккредиттеуден өткізілді, 15-17 мамыр аралығында мамандандырылған аккредиттеуден өткізілді.

Білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі ARQA тәуелсіз агенттігінің аккредиттеу кеңесінің 2019 жылы 29 мамыр отырысының шешімі:

  1. Шымкент қаласындағы білім басқармасының «№4 колледж» МКҚК 8 мамандық бойынша институционалды аккредиттеуі туралы және 5 жыл мерзімге толық аккредитация мәртебесі берілді (2024 жылдың 29 мамырына дайін).
  2. Шымкент қаласындағы білім басқармасының «№4 колледж» МКҚК 18 біліктілік бойынша мамандандырылған аккредиттеуі туралы және 5 жыл мерзімге толық аккредитация мәртебесі берілді (2024 жылдың 29 мамырына дайін).

Аккредиттеу куәліктері (мамандықтар)