Комплаенс қызметі
Қызметтің
негізгі мақсаты – сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, мекеме қызметінің кәсіби тәжірибесімен, этикасымен,
заңдық талаптары және басқа да нормаларымен, ұйымның имидждік және басқа да
материалдық шығындарға әкеліп соғатын тәуекелдікті азайту және болдырмау
мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың іске
асырылуын бақылау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс
бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
сәйкестендіру және бағалау болып табылады.
Комплаенс
(ағыл. Compliance) «сәйкестік» дегенді білдіреді. Бұл функция ұйымның ішкі
рәсімдерінің халықаралық және жергілікті реттеуші стандарттарға сәйкестігін
бақылайды. Комплаенс қызметінде мына терминдер қолданылады:- комплаенс-бақылаушы —
комплаенс қызметiнiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi жауапкершiлiк және
комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелiн басқару саясатын iске
асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретiне кiретiн банк қызметкерi;
- комплаенс-тәуекел — банктiң
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның iшiнде уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ банктiң iшкi
ережелерiн және рәсiмдерiн қадағалау негiзiнде пайда болған шығыстар
(шығындар) тәуекелi;
- комплаенс қызметi —
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, оның iшiнде уәкiлеттi
органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ банктiң iшкi
ережелерiн және рәсiмдерiнiң (комплаенс — тәуекелдi басқару) талаптарына
сәйкестiгiне iшкi бақылау жасау кiретiн айрықша құзыретi бар
комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушыларынан тұратын банктiң iшкi
қызметi;
- комплаенс қатысушылары —
комплаенс-тәуекелдi басқару айрықша құзыретiне кiретiн банктiң бөлiмшесi
және/немесе қызметкерлерi.
Сөйтіп келгенде комплаенс – бақылаудың негізгі міндеті
осындай немесе басқа да стандартқа сәйкес келмейтін тәуекелдіктің алдын алу.
Комплаенс–бақылаушы қызметі жауапты тұлғаның немесе
бөлімшелердің іс–әрекетімен шектеліп қана қоймайды, сондай–ақ ұйымдағы дербес
жаупкешілікті білдіретін әр қызметкердің міндеті болып табылады.
Колледждің
Комплаенс-қызметінің жедел желісі
ашықтық және адалдық қағидаттарына берілгендікті көрсететін ұйымдық мәдениетті
дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөледі.
Оң
имиджін одан әрі сақтау мақсатында колледждің Комплаенс-қызметі әдеп және
мінез-құлық бұзушылықтарын, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық,
кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және қоғам қызметіне қатысты өзге де
бұзушылықтар жағдайларын уақтылы анықтау және алдын алу үшін жедел желіні іске
қосты.
Өтініштерді
қарап, құпиялылыққа кепілдік береміз (жүгінген тұлғаның қалауы бойынша).