Қазіргі таңда сандық техника бөлімінде 119 студент білім алуда, бөлімде 9 сынып және 11 сынып базасында қабылданған оқушылар білім алуда. Бөлімде 6 педагог-инженерлер жұмыс істейді. Барлығы білікті де, білімді мамандар.
Бөлімде әрбір оқытушы біліктілікті арттыру курстарынан жыл сайын өтіп, сертификаттар алып отырады . Пәндік-циклдік комиссиясының мүшелері жыл бойында қалалық және облыстық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Олар мадақтамалармен, алғыс хаттармен марапатталуда. Сандық техника бөлімінде 2 оқу кабинеті бар. Оқу кабинеттері халықаралық стандарттарға сай құрал-жабдықтарымен заманауи техникамен, интерактивті тақталармен, проекторлармен, компьютерлермен және жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтарға аса көңіл аударып отыр. Шымкент қаласындағы «Энергетика және байланыс колледжі» таңдалған 100 мамандықтың тізіміндегі «Техник электронщик» мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелейді. Білім ордасы «Жас маман» жобасына қатысушы Республикадағы 180 колледж және 20 жоғары оқу орындарының тізіміне еніп, 2021 жылы колледжде заманауи құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтандырылып, қаржыландырылды.
Қазіргі таңда оқу зертханалары мен шеберханалары заманауи құрылғылармен жабдықталды, кабинеттер құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл оқу орны үшін материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі және осы салада білім алатын студенттердің практикалық жұмысқа ден қоюына басымдылық берілді. WorldSkills чимпионатындада осы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берілді. Бүгінгі таңда Сандық техник мамандары өндірістік кәсіпорындардан, атап айтқанда: ЖШС “BankCenterCredit” ЖШС “S&T Kapital” ЖШС “BENESTAR” тәжірибелерімен алмасу бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Сандық техника бөлімінің студенттері өндірістік іс-тәжірибелерін жоғарыда аталған кәсіпорындар базасында өтеді. Сандық техника бөлімінің студенттері облыстық және қалалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. «WorldSkills Shymkent» кәсіби шеберлік чемпионатында «Мобилді робототехника» «Электроника» «WEBдизайн» құзыреті бойынша студенттеріміз қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.
Бөлім меңгерушісі: Меирбеков Олжас Даниярұлы — сарапшы
Мүшелері:
Култаева Алия Жаксыбекқызы – модератор. Өндірістік оқыту шебері
Ементаев Санжар Фархатұлы – сарапшы. Өндірістік оқыту шебері
Қоңыратбаев Бағлан Абсаматович — модератор. Өндірістік оқыту шебері
Абдрасилова Ақбөпе Маратқызы —модератор. Өндірістік оқыту шебері
Айтенова Айгүл Рахматуллақызы- сарапшы. Арнайы пән оқытушысы
Керимкулова Гүлбану – модератор. Арнайы пән оқытушысы