Қазіргі таңда РЭТ және пошта байланысы бөлімінде 99 студент білім алуда, бөлімшеде 9 сынып және 11 сынып базасында қабылданған оқушылар білім алуда. Бөлімде 9 педагог-инженерлер жұмыс істейді, оның бесеуі өндірістік оқыту шеберлері, үшеуі арнайы пән оқытушылары. Барлығы білікті де, білімді мамандар.
Бөлімде 3- сарапшы, 4- модератор, І педагог санаттындағы мамандар сабақ береді. Сонымен қатар, әрбір оқытушы біліктілікті арттыру курстарынан жыл сайын өтіп, сертификаттар алып отырады . Пәндік-циклдік комиссиясының мүшелері жыл бойында қалалық және облыстық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Олар мадақтамалармен, алғыс хаттармен марапатталуда. РЭТ және пошта байланысы бөлімінде 4 оқу кабинеті және оқу полигоны бар. Оқу кабинеттері “Жас Маман” жобасы бойынша халықаралық стандарттарға сай құрал-жабдықтарымен заманауи техникамен, интерактивті тақталармен, проекторлармен, компьютерлермен және жаңа үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтарға аса көңіл аударып отыр. Шымкент қаласындағы «Энергетика және байланыс колледжі» таңдалған 100 мамандықтың тізіміндегі «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелейді. Білім ордасы «Жас маман» жобасына қатысушы Республикадағы 180 колледж және 20 жоғары оқу орындарының тізіміне еніп, 2021 жылы колледжде заманауи құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтандырылып, қаржыландырылды.
Қазіргі таңда оқу зертханалары мен шеберханалары заманауи құрылғылармен жабдықталды, кабинеттер құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл оқу орны үшін материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі және осы салада білім алатын студенттердің практикалық жұмысқа ден қоюына басымдылық берілді. WorldSkills чемпионатында осы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берілді. Бүгінгі таңда РЭТ және пошта байланысы бөлімінің мамандары өндірістік кәсіпорындардан, атап айтқанда: «Шымкенттранстелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ӨҚТК Бителеком» АҚ, «Қазпошта»АҚ , «ЛКС -Сервис» ЖШС тәжірибелерімен алмасу бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. РЭТ және пошта байланысы бөлімінің студенттері өндірістік іс-тәжірибелерін жоғарыда аталған кәсіпорындар базасында өтеді. РЭТ және пошта байланысы бөлімінің студенттері облыстық және қалалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. «WorldSkills Shymkent» кәсіби шеберлік чемпионатында «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреті бойынша студенттеріміз қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.
Мамандық: 07140900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
Біліктілік: 3W07140901 «Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші»
Бұл біліктілікті меңгерген мамандардың негізгі міндеттері:
- Аналогтық және цифрлық АТС,
- Телекоммуникациялық байланыс желілерінің жабдықтарына қызмет көрсету;
- Абоненттік және жалғау желілеріндегі зақымдануларды жою;
- Әртүрлі жүйелердегі электрондық АТС станциялық жабдығын тексеруді жүзеге асыру;
- Кабельдерді әртүрлі әдістермен тұрақты токпен өлшеуді орындау және зақымдану орындарын анықтау;
- Әртүрлі типтегі деректерді беру жүйесі құрылғыларының құрылымдық сызбаларын түсіну, оларды баптау және реттеуді орындау;
- Телефон аппараттарының принциптік схемаларымен жұмыс істеу;
- Телекоммуникация желілерін сипаттау;
- Талшықты-оптикалық байланыс кабельдерін монтаждау және дәнекерлеу;
- Кабельдің соңғы жабдықтарын монтаждау;
- Құрылымдық кабельдік желілерін монтаждау;
- Микропроцессорлық ақпараттық-басқару жүйелерінің аппараттық құралдарын сауатты байланыстыру
- Құрылымдық кабельдік желілерін монтаждау;
- Микропроцессорлық ақпараттық-басқару жүйелерінің аппараттық құралдарын сауатты пайдалану;
- Интернет желісін қосу.
Оқу жоспарының негізгі пәндері:
- Радиобайланыс және радиохабар тарату жүйелері: Радиотолқындардың таралуы, антенналық-фидерлік құрылғылар, қабылдағыштар мен таратқыштар.
- Телекоммуникациялық жүйелердің бағыттау және коммутация негіздері: Желілік технологиялар (Cisco/Huawei негіздері), IP-адрестеу, маршрутизаторлар мен коммутаторларды баптау.
- Талшықты-оптикалық байланыс жүйелері (ВОЛС): Оптикалық кабельдер, лазерлік таратқыштар, оптикалық желілерді монтаждау және дәнекерлеу (сварка).
- Мобильді және спутниктік байланыс жүйелері: 4G, 5G желілерінің құрылымы, ұялы байланыс операторларының станцияларына қызмет көрсету.
- Мәліметтерді беру желілері және компьютерлік жүйелер: Локалды (LAN) және ауқымды (WAN) желілерді құру, желілік қауіпсіздік.
Студенттің меңгеретін білім-біліктері :
- Студенттер электронды схемаларды түсінуді және оларды құрастыруды меңгереді:
- Схемаларды оқу және жобалау: Электрондық және радиотехникалық схемаларды (аналогтық және цифрлық) оқу, талдау және жобалау.
- Компоненттермен жұмыс: Резистор, конденсатор, транзистор, микросхема және диодтардың жұмыс істеу принциптерін білу және оларды платаға монтаждау (дәнекерлеу – пайка).
- Диагностика және жөндеу: Осциллограф, мультиметр, спектр анализаторы сияқты өлшеуіш құралдарды қолданып, құрылғылардағы ақауларды табу және жою.
- Телекоммуникациялық жүйелер мен желілер
Байланыс операторлары мен интернет провайдерлердің инфрақұрылымын басқару дағдылары:
- Желілік технологиялар (IP-телефония, Интернет): Коммутаторлар (Switches) мен маршрутизаторларды (Routers) баптау және монтаждау.
- Талшықты-оптикалық байланыс (ВОЛС): Оптикалық кабельдерді дәнекерлеу (сварка оптоволокна) және оптикалық желілерді тарту.
- Мобильді және спутниктік байланыс: 4G/5G базалық станцияларының, антенналық-фидерлік құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін білу және оларға қызмет көрсету.
- Бағдарламалық қамтамасыз ету және АТ-дағдылар
Қазіргі электроника бағдарламалаумен тығыз байланысты:
- Микроконтроллерлерді бағдарламалау: Arduino, STM32 немесе PIC микроконтроллерлеріне код жазу (C/C++ тілдерінде) және «Ақылды үй» жүйелерін құрастыру.
- Мамандандырылған ПО-мен жұмыс: Схемаларды модельдеуге арналған бағдарламаларды (Proteus, Multisim, Altium Designer) меңгеру.
- Техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік
- Байланыс жабдықтары мен радиотехникалық жүйелерді монтаждау, баптау (инсталляция) және техникалық күтім жасау.
- Еңбек қауіпсіздігі: Жоғары вольтты кернеумен және радиожиілікті сәулеленумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау.
Мамандық: 07141000 — Пошта байланысы
Біліктілік: 3W0714001- Пошта байланысының операторы
Мамандыққа сипаттама: Халыққа байланыс бөлімшелерінде қызмет көрсету, поштаны өңдеу (хаттар, газеттер, бандерольдер, ақша аударымдары), хаттар ағынын және басқа да хат-хабарларды басқару болып табылады. Автоматтандырылған сұрыптау орталықтарында поштаны өңдеу, олардың арасында алмасу және автоматтандырылған сұрыптау орталықтарының қызмет көрсету аймағына енгізілген поштаны өңдеу технологиялары; ішкі және халықаралық пошта жөнелтімдерін; ақшалай жөнелтімдерді қабылдап; өңдеп; сұрыптап; жеткізіп-тасымалдау; EMS жөнелтімдерін өңдеу; жай ішкі халықаралық бандерольдерді өңдеу; қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды қолдану, электрондық поштамен, сканермен, ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істеу; тіркелген пошта жөнелтілімдері туралы хабарламалар және пошталық ақша аударымдары; пошта саласындағы қолма-қол ақшаны, шартты құндылықтарды және пошта жөнелтілімдерінің белгілерін есепке алу тәртібі; Work Flow бағдарламасында пошта жөнелтілімдерін қабылдау; Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық пошта жөнелтілімінде жөнелтуге тыйым салынған және шектелген тауарлар мен жөнелтілімдердің тізбесі; еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау.
Студенттің меңгеретін білім-біліктері :
- Пошта бөлімшесінде қолданылатын ақпараттық жүйелерге арналған пайдаланушы нұсқаулығы;
- Ішкі бақылау ережелерін; қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды қолданыңыз, электрондық поштамен, сканермен, факспен жұмысты;
- Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу;
- Жасанды құжаттар мен банкноттарды анықтауға дағдылану;
- Әртүрлі түрдегі аударымдарды, соның ішінде салымшыдан аударымдарды қабылдау және жеткізу тәртібі;
- Кассалық машиналарды пайдалану тәртібі;
- Пошта қызметтерін көрсету ережелері, стандарттары, пошта терминологиясы;
- Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін білу.
Бөлім меңгерушісі: Инкарбекова Айгуль Казыбековна -сарапшы
Мүшелері:
Бельгибаева Бахытгуль Укашовна – модератор. Өндірістік оқыту шебері
Калаубекова Айсулу Макулбековна – сарапшы. Өндірістік оқыту шебері
Нұрбаева Гүлжан Батыршақызы -модератор. Өндірістік оқыту шебері
Дошанова Карима Аскаровна -модератор. Өндірістік оқыту шебері
Ибраева Айгерим Мухамбет – Анапиякызы -сарапшы. Арнайы пән оқытушысы
Жаханов Шыңғыс Асқарұлы – модератор. Арнайы пән оқытушысы
Байділдә Жадыра Полатбекқызы — педагог санатында. Арнайы пән оқытушысы